Парламент палаталарының бірлескен отырысы 6-ақпанға белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент палаталарының бірлескен отырысы 6-ақпанға белгіленді

Парламент палаталарының бірлескен отырысы 6-ақпанға белгіленді

Астана. 31 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Парламент палаталарының бірлескен отырысы 6-ақпанға белгіленді. Осы жөніндегі бұйрыққа мәжіліс төрағасы Аслан Мусин қол қойды, деп хабарлайды агенттік мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Ақпан 2008
  • 438
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын 2008-жылдың 6-ақпанында сағат 11-де Астана қаласында шақыруды бұйырамын»,- делінген мәжіліс аппараты таратқан бұйрық мәтінінде.

Агенттіктің парламенттегі ақпарат көздерінің хабарлауынша, 6 ақпанда өтетін бірлескен отырыста президент халыққа арнаған жыл сайынғы жолдауын жария етуі мүмкін.

«Бірлескен отырысқа президент қатысады деп күтілуде»,- деді ақпарат көзі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті