Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Өскемен қаласы Ертіс полиция бөліміне қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Ол 2022 жылдың қараша айында белгісіз біреулер пәтер алуға көмектесуге уәде беріп, одан 5 миллион теңге алғанын, бірақ қаражатын алғаннан кейін байланысқа шықпағанын хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің тағы осыған ұқсас 32 қылмысқа қатысы бар екенін анықтаған.
Белгілі болғандай 39 жастағы ер адам мен 41 жастағы әйел 2021 жылдан бастап тұрғындардың сеніміне кріп, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесеміз деп уәде беріп, ақшаны алғаннан кейін жоғалып кетіп отырған.
Жалпы шығын 142 миллион теңгеден асты.
Қазіргі уақытта олар қамауға алынды. Алаяқтық фактілері бойынша тергеу жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.