Павлодар мемлекеттік университетінде грек-рим күресінен халықаралық турнир аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 462.31
  • 536.09
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар мемлекеттік университетінде грек-рим күресінен халықаралық турнир аяқталды

Павлодар мемлекеттік университетінде грек-рим күресінен халықаралық турнир аяқталды

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жаттықтырушылар Сергей және Иван Ярмоленконы еске алуға арналған грек-рим күресінен XVΙ халықаралық турнир аяқталды,

  • 30 Қаңтар 2013
  • 320
Фото - Caravan.kz

деп хабарланды ЖОО-ның баспасөз қызметінен.

Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген 35 команданың құрамында 313 жас қатысушы бозкілемге шықты.

Жалпыкомандалық есепте Павлодардың құрамасы бірінші орын алды — 10 алтын медаль, 5 күміс және 6 қола еншіледі.

Тәжікстандық Құсайын Саидов турнирдің ең үздік спортшысы атанды, қазылар алқасы «Ең үздік техника» аталымында Тимур Ақниетовты (Павлодар) атап өтті, «Жеңіске деген құлшыныс» аталымында павлодарлық Әнуар Қайдаров марапатталды.