Жарияланды: 400

Павлодар мұнай химия зауыты жоспарлы жөндеуден өту үшін жұмысын тоқтатуда

"Павлодар мұнай химия зауыты" 25-маусымнан бастап жыл сайынғы жөндеуден өту үшін жұмысын тоқтатады, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

Ақпаратқа қарағанда, жөндеу жұмыстары үшін шамамен 6 млрд теңге жұмсалмақ. "Күрделі жөндеу жұмыстары шеңберінде тозығы жеткен техникалық жабдықтарды ауыстыру көзделген", деп атап өтті зауыттың баспасөз қызметінен. Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде сондай-ақ техникалық қондырғыларды сапалы айналма сумен қамтамасыз ету проблемасы да шешімін таппақ. Техника-экономикалық көрсеткіштерді арттыру және зауытта экологиялық ахуалды арттыру көзделген. Павлодар мұнай химия зауыты"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының құрамына енеді және 1978 жылы салынған. Қазақстанда мұнай өңдеуші үш зауыт бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін