Жарияланды: 340

Павлодар облысында бір мектеп тұтастай жанып кетті

Павлодар облысында бір мектеп тұтастай жанып кетті

Бүгін Павлодар облысы Шарбақты ауданы Алексеевка ауылдық округіне қарасты Николаевка орта мектебі тұтастай жанып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығы Әлібек Длимовтың мәліметінше, білім беру ошағында өрт бүгін таңғы сағат 05.00 шамасында орын алды.

«Саман  мектеп 1967 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда ғимараттың қабырғалары ғана қалды. Әзірге оқыс оқиғаның мән-жайы анықтау мақсатында арнайы зертхана автокөлігі жұмыс істеп жатыр. Нақты себебі 10 күннің ішінде белгілі болмақ. Айта кетерлігі, бұл жағдай білім беру үрдісіне кері әсерін тигізген жоқ. Бүгінде оқушылар Алексеевка орта мектебінде оқып жатыр. Таңертеңгі сағат 09.30-да тілсіз жау толық ауыздықталды», - дейді Ә. Длимов. 
Шарбақты аудандық білім беру бөлімінің басшысы Баян Омарованың айтуынша, бүгінде 100 орынға шақталған мектепті 6 бала білім алады. 5 мұғалім мен 6 жұмыскер еңбек етеді. Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев орын алған жағдайға орай өңірдегі білім беру басқармасының басшыcы Бақыт Бексейітоваға Николаевка мектебінің мұғалімдерін тез арада жұмыспен қамтамасыз етуге тапсырма берді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін