Павлодар облысында ер адам әйелінің басынан көсеумен ұрған - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында ер адам әйелінің басынан көсеумен ұрған

Павлодар облысында ер адам әйелінің басынан көсеумен ұрған

Павлодар облысында 59 жастағы ер адам әйелінің басынан көсеумен ұрған.

  • 26 Қыркүйек 2023
  • 9
Фото - Caravan.kz

Сотта зардап шеккен әйелдің айыпталушыға ешқандай шағымы болған жоқ, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қылмыстық іс Екібастұз қалалық сотында қаралды. Іс материалдары бойынша биыл мамырдың басында Марғұлан ауылында ерлі-зайыптылар сөзге келісіп, арты жанжалға ұласты. Әйел оған балағат сөздерді айта бастаған кезде күйеуі ашуланып, пештің жанында жатқан көсеуді алып жұбайының маңдайына соққы жасаған. Жәбірленуші алған жарақаттардан құлағаннан соң ұрып-соққылар жалғасты. Медициналық сараптамаларға сәйкес әйел адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілген. 

Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындады, ал жәбірленушіде материалдық және моральдік сипаттағы шағымдары болған жоқ. 

"Ер адам ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігін қолдана отырып жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, бір жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын", – делінген сот үкімінде. 


Айта кетейік, сот-наркологиялық сараптаманың қорытындысы бойынша 59 жастағы ер адамның алкоголді ішуден туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстарымен ауыратыны белгілі болды. Осыған байланысты ҚР ҚК-нің 91-бабы 1-бөлігінің 4- тармағының және 98-бабы 2-бөлігінің негізінде оған бас бостандығынан айыруды өтеу орны бойынша психоактивті заттарды қолдануға байланысты психикалық, мінез-құлық бұзылыстарынан мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.