Жарияланды: 250

Павлодар облысында оқушыларды сыз тартқан мектепте оқытқан директор жазаланды

Павлодар облысында қабырғаларын көк басқан мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланды. Білім бөлімінің жетекшісі мен аудан әкімінің орынбасары да осындай жазамен құтылды. Өйткені олар салынғалы дұрыс жөндеу көрмеген ескі мектептегі бар жұмысты айналдырған екі апта ішінде тындырып тастапты-мыс.

40 жыл бұрын салынған Церковное ауылындағы жалғыз мектептің сыйқы мынау. Жаз бойы шатырынан су сорғалаған ескі ғимараттың қабырғалары көгеріп, төбесі жарылыпты. Ал сыз тартқан нысанға қыркүйекте аяқ басқан оқушылар мен ұстаздар шетінен сырқаттана бастаған. Атқамінерлер болса, 60 баланың бағдарламадан қалмай білім алуы үшін мектептің жұмыс істеуіне рұқсат беруден басқа амалдары болмағанын айтып ақталған еді. Бұдан кейін мәселемен айналысқан арнайы комиссия әйтеуір аудан әкімінің орынбасары, білім бөлімінің жетекшісі мен мектеп директорына сөгіс жариялаумен шектеліпті.

Қанат Кималиденов, Железинка ауданы әкімінің орынбасары:

-Мектептің жаңа оқу жылына дайындығы туралы құжатқа қол қойылмағаны туралы білдім. Бірақ ылғалданып кеткен кабинеттерді жауып, оқушылардың басқа бөлмелерде білім алуына рұқсат беруден басқа амалымыз болмады. Қазір қабырғаларды түгел кептіріп, ақтап қойдық.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін