Павлодар облысында өз ұлын өлтірді деген күдікпен 60 жастағы мас әйел ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында өз ұлын өлтірді деген күдікпен 60 жастағы мас әйел ұсталды

Павлодар облысында өз ұлын өлтірді деген күдікпен 60 жастағы мас әйел ұсталды

Әйел алкогольдік мас күйде туындаған жанжал барысында 40 жастағы өзінің ұлына пышақ жарақатын келтірген.

  • 20 Қараша 2017
  • 191
Фото - Caravan.kz

Павлодар облысына қарасты Шарбақты ауданында жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 60 жастағы ауыл тұрғынын «ізін суытпай» ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттіктің ресми сауал хатына жолдаған жауабында облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

— Әйел алкогольдік мас күйде туындаған жанжал барысында 40 жастағы өзінің ұлына пышақ жарақатын келтірген. Салдарынан ер адам қайтыс болды. Ұсталған кезде күдікті учаскелік полиция инспекторына қарсылық көрсеткен, оған дене жарақаттарын келтірген. Қылмыс орнынан пышақ алынды және заттай дәлелдеме ретінде сотқа дейінгі тергеу материалына қосылды, — деді мамандар.

Осы жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы, 3-бөлімі — «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» және 380-бабы, 1-бөлімі — «Билік өкiлiне қатысты күш қолдану» бойынша тергеу жалғасуда. Күдікті қамауда. Алғашқы бап бойынша күдікті сегіз жылдан он екі жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Ал, екінші бап бойынша үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуға я болмаса үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу қоюға не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар