Павлодар облысында қатты аяз болады деп күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында қатты аяз болады деп күтілуде

Павлодар облысында қатты аяз болады деп күтілуде

Павлодар. 17-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алдаға тәуліктерде Павлодар облысында 43 градусқа дейін қатты аяз болады деп күтілуде. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

  • 17 Қаңтар 2008
  • 477
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайлар департаментінде барлық қажетті арнайы техника дайындық режимінде екендігін атап көрсетті. Кеше кешкі сағат 18.30-да Павлодарда ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеген.

Сәрсенбі күні аймақта тағы да күн райы суытады деген ескерту жасалған. Синоптиктердің болжамы бойынша, 17-18 қаңтар күндері түнгі мезгілде облыс алу 40, кей жерлерде 43 градусқа дейін суытады.

Ішкі істер департаментінде хабарлағандай, жол полициясы басқармасының және жергілікті атқару органдарының шешімімен кеше кешке жолаушылар автокөліктерінің және дизельді жанармаймен жүретін жеке көліктердің қаладан шығуына уақытша тыйым салынған. Барлық халықаралық және қалааралық бағыттар бойынша қозғалыс шектетілді, деп толықтырды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Коммуналдық қызмет өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, алда күтіліп отырған қауіпті температураға байланысты апаттық-жөндеу бригадаларының кезекшілігі күшейтілген. Өмірге қажетті объектілер мен жылу және энергостанциялардың, сондай-ақ, су құбыры желісінің қалыпты жұмыс істеуіне айрықша көңіл бөлінген.

Жергілікті әуежай басшылығының мәліметтеріне сүйенсек, аталмыш объект қалыпты режимде жұмыс істеу үстінде екен. Рейстер аязға байланысты тоқтатылмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті