Павлодар облысында жиенінің өлімі үшін нағашы ағасы кінәлі деп танылды
Павлодар облысында төрт жасар бүлдіршіннің өліміне оған бас-көз бола алмаған нағашы ағасы кінәлі деп танылды. Үш тәулік бойы іздеуде болған Темірлан Мұхтаровтың денесі тамыз айында Ертіс жағасынан табылған. Туыстарымен жағажайға барған бала ұшты-күйлі жоғалып кеткен болатын. |
Темірланды өзге жиендерімен бірге Ақсу кентіндегі жағалауға ертіп келген нағашы ағасы бірнеше минуттан кейін одан көз жазып қалады. Баланы өздері іздеп таппаған туыстары оқиға орнына құтқарушылар мен полицейлерді шақыртты. Кейін төрт жасар Темірланның суреттерін бұрыш-бұрышқа іліп, жергілікті еріктілердің де көмектескенін айта кетейік. Темірланның денесі үш тәуліктен кейін жағалаудан табылды. Осылайша суға кетіп мерт болған бүлдіршіннің өмірі мен денсаулығына жауапсыздық танытты деп айыпталған ағасы Дәурен Мұқатаевтың екі жарым жылға бас бостандығы шектелді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін