Павлодар облысының тұрғыны өз анасын қылғындырып өлтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.16
  • 480.39
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының тұрғыны өз анасын қылғындырып өлтірген

Павлодар облысының тұрғыны өз анасын қылғындырып өлтірген

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта ҚК 99-бабы 1-бөлімінде

  • 20 Қазан 2015
  • 518
Фото - Caravan.kz

(кісі өлтіру, яғни басқа  адамды заңсыз қасақана өлтіру) көзделген қылмысты жасағаны үшін Ақтоғай ауданының тұрғыны М-ны айыптауға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өтті, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Тергеу анықтағандай, 2015 жылғы 2-3 тамыз күндізгі және түнгі уақыттарда Ақтоғай ауданы ауылының тұрғыны, оның айтуы бойынша,  өзіне еш қатысы жоқ «Әуе-десант әскерлері күнін» тойлаған.

Сөйтіп өзінің азаматтық некелегі жұбайымен және бірнеше ауыл тұрғындарымен ішімдік ішкен. Отырыстың арты әйелімен жанжалға ұласқан.

Сотталушының  олардың кезекті ұрыс-керісін көрген анасы  әйелге болысып, ұлын тоқтатпақ болады. Ызалы М. анасын бетінен ұрып, ол еденге құлап түскен.


М-дан қорыққан әйелі құрбысының үйіне қашып кеткен. Анасы баласына ренішін одан әрі жалғастырған. Қатты ашуланған М. анасын қылғындырып өлтіреді.

Осы іс бойынша бас сот талқылауы 2015 жылғы 23 қазанда сағат 15.00-ге тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар