Жарияланды: 330

Павлодар тұрғыны туу туралы куәлігін 19 жылдан соң алды

Павлодар тұрғыны туу туралы куәлігін 19 жылдан соң алды

Павлодар облысының Павлодар облыстық сотында азаматша Ш-ның бала туу фактісін анықтау жайлы келіп түскен өтініші қаралды. 

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметінен хабарлайды.

1996 жылдың 16 ақпанында азаматша Ш. Павлодар қаласының перзентханасында босанғаны анықталды. Туу туралы куәлігі болмаған бала мектепте орта білім алса, қазіргі кезде колледжде оқып жатыр. Кәмелеттік жасқа жеткенде жеке басын куәландыратын құжаттарды алу қажеттілігі туындады.

Өтініш беруші туу туралы анықтаманы жоғалтып алған, ал құжаттың телнұсқасын мұрағаттың жойылуына байланысты алу мүмкін  болмады.  

Азаматша Ш. аудандық АХАЖ органдарына өтініш білдірген, бірақ анықтаманың болмауынан туу туралы куәлігі берілмеді.

Өтініш білдіруші талаптарын растау үшін жазбаша дәлелдерді ұсынған. Бала туу фактісі куәгерлердің түсініктемелерімен де расталды.

Сот шешімімен бала туу фактісі расталды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін