Бұл туралы Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі xабарлады.
"Кеше бізге ақпарат түсті, 21:47 сағатта Аққу ауылына жетпей, Лебяжі ауданында рейстік автобус жолдан шығып, аударылған. Абырой болғанда қаза болғандар жоқ. Үш ересек адам Павлодардың №1 қалалық ауруxанасына жатқызылды. Автобуста барлығы 43 жолаушы болған", — деп атап өтті департаменттен.