Павлодарда 21 жастағы әйел дәретханада босанған
![]() |
Павлодар қаласының маңындағы Энтузиасттар саябағы аумағында тұратын 21 жастағы азаматша өз үйінде мерзімінен бұрын босанды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . |
Бұл туралы Павлодар облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Любовь Ходырева хабарлады.
«1994 жылы туыған әйел үстіміздегі жылдың 13 қырүйекте өз үйінде мерзімінен бұрын босанып қалды. Жүктілік мерзімі - 34-35 апта. Ол қыз баланың анасы атанды. Нәрестенің салмағы - 3660 грамм, бойының ұзындығы - 54 см. Салмағы мен бойы бойынша сәби шала туылған емес деген қорытынды жасауға болады. Қазіргі таңда нәрестелердің патология бөлімінде жатқан бала дәрігерлердің жіті бақылауында», - дейді Л. Ходырева.
Айта кетерлігі, азаматша бұған дейін медициналық тексеруден өтпеген және есепте тұрмаған болып шықты. Ол тұрғылықты жері бойынша №4 емханаға жатады. Агентікке ақпараттандырылған дереккөздің хабарлауынша, азаматша дәретханада босанған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін