Павлодарда автобус зейнеткерді басып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда автобус зейнеткерді басып кетті

Павлодарда автобус зейнеткерді басып кетті

Павлодарда №2 маршрут бойынша келе жатқан автобус 76 жастағы әжейді басып кетті, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

  • 22 Желтоқсан 2015
  • 395
Фото - Caravan.kz


Агенттікке куәлер апат кеше кешке №90 үйдің жанында Лермонтов көшесінде орын алғанын хабарлады.

«39 жастағы автобус жүргізушісі 1939 жылы туылған жүргіншіні басып кеткен. Әжей өтуге рұқсат етілмеген жолдан өтіп кетпекші болған.  ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабының үшінші бөліміне сәйкес сот алды тергеу басталды», — деп хабарлады Павлодар облысы ІІД әкімшілік полиция инспекторы Б. Жұманов.