Жарияланды: 620

Павлодарда бала күтушісі ұры боп шықты

Бала күтушісі болып жалданған ұры! Павлодарда 39 жастағы қызметші әйел үй иесінің миллион теңгеден астам ақшасын қолды қылған.

Сәби бағуға жалданған азаматша үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пәтер ішін түгел тінткен. Осылайша 1600 доллар мен 300 мың теңгені тауып, қалтасына басады. Қожайындардың ұрлық жайлы сезіктенбегенін пайдаланып, бірнеше күннен кейін тағы 1500доллар мен 100 мың теңгені жымқырып, із суытқан. Күдікті қазір қамауда отыр. Тергеу барысында ол қарыздары көп болғаннан кейін қылмысқа барғанын айтыпты. Енді осы үшін 5 жылға сотталуы мүмкін

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін