Павлодарда бес қабатты жатақханадағы өрт сөндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда бес қабатты жатақханадағы өрт сөндірілді

Павлодарда бес қабатты жатақханадағы өрт сөндірілді

Павлодар. 18 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда бес қабатты жатақханадағы өрт сөндірілді , деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Қаңтар 2008
  • 389
Фото - Caravan.kz

Павлодар облыстық өртке қарсы күрес қызметі департаментінің халыққа хабар беру және оқыту бөлімінің мәліметінше, «өрт 11 сағат 22 минутта сөндірілді». Нақтыланған мәлметтерге сәйкес, өрттен бір адам қаза тауып, сегіз адам, соның ішінде үш бала ауруханаға жатқызылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «»Хромзавод» маңындағы жатақхананың өртенгені туралы дабыл кезекші пультке 9 сағат 47 минутта келіп түскен. Өртке екінші санаттағы күрделілік тағайындалды», -деп хабарлайды мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі.

Жалынға оранған ғимараттан 21 тұрғын шығарылды. Өртті сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің бірнеше техникасы мен 20 адамы жұмылдырылды.

Алдын-ала мәліметке сәйкес, өрттің шығуына төсекте жатып темекі тарту мен электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбау себеп болған. Өрт салдарынан ғимаратқа тоқ пен суық су беру жүйелеріне зақым келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті