Павлодарда маскүнем әйел қызын трамвайға отырғызып қашып кеткен
Павлодарда маскүнем әйел 6 жасар қызын трамвайға отырғызып жіберіп, құтылмақ болған. Деподан түскен бүлдіршін қазір арнайы орталықта. |
Евгенияны қоғамдық көлікке отырғызып, «әжеңнің үйінің алдындағы аялдамадан түсесің» депті анасы. Адасқан қыз трамвай депосынан бір-ақ шыққан. Ондағылар полицияға хабар беріп, сәбиді бейімдеу орталығына алып кеттіі. Тәртіп сақшылары аты-жөнін айтқан қыздың ата-анасын іздеп тапса да, олар бүлдіршіннен бас тартып отыр. Әбден шошып қалған Евгения қазір мамандардың жіті бақылауында. Ішікілікке салынған әке-шешесі түзеліп, райынан қайтпаса, бала көп ұзамай жетімдер үйіне жіберіледі.
Николай Қожахметов, Павлодар облыстық кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығының жетекшісі :
– Біз баланың анасымен бірнеше рет хабарластық. Алайда ол түрлі сылтау айтып келмеді. Соңғы рет бейімдеу орталығына жетуі үшін ақшасының жоқ екенін айтып, тұтқаны қоя салды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін