Павлодарда Ораза айт күні 15 қазан палау тегін таратылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда Ораза айт күні 15 қазан палау тегін таратылады

Павлодарда Ораза айт күні 15 қазан палау тегін таратылады

Павлодарда алда келе жатқан Ораза айт мерекесінің құрметіне Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің алдында «Ораза айт - берекелі мереке» атты діни шара ұйымдастырылады.

  • 23 Маусым 2017
  • 745
Фото - Caravan.kz

ҚМДБ Павлодар облысы бойынша өкілдігі жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Айбек Оралханның айтуынша, биылғы Айт намазы барлық мешіттерде 25-маусым, жексенбі күні таңғы 6:30-да оқылады. «Ораза айт — берекелі мереке» атты ауқымды діни мереке орталық мешіт ауласында сағат 14:00-де басталып, 18:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

— Мешіт ауласында балалар мен жасөспірімдерге арналған іс-шаралар көптеп ұйымдастырылмақ. Атап айтар болсақ, балаларға арналған ойын батуттары орнатылады. Сонымен қатар, Құран оқу, дін туралы сұрақ-жауап және Иләһи өлең-жыр айтудан жарыстар ұйымдастырылады. Ал, ересек адамдар арасында гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тарту, қазақ күресі сынды ұлттық спорт түрлерінен сайыс жүргізіледі. Мақсатымыз – Рамазан айтының қоғамда кеңінен насихаттау және жасөспірімдерді жыл сайын асыға күтетіндей дәрежеге жеткізу. Жылына бір рет келетін қасиетті діни мерекені тамашалаймын, жарыстарға қатысамын деушілерге есігіміз ашық. Бұл күні мерекеге жиналған жұртшылыққа 15 қазан палау және тандыр нан тегін таратылады, — дейді Айбек Оралхан.

Сондай-ақ, осы күні мешіт ауласына жиналған балаларға жергілікті кәсіпкерлер мен жамағаттардың демеушілгімен түрлі кәдесыйлар, ойыншықтар табысталса, спорттық жарыстарда өнер көрсеткен азаматтарға дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм беріледі. Биылғы мерекені ұйымдастыруға жергілікті демеушілермен қатар, облыс орталығындағы мешіттер де атсалысуда.


Соңғы жаңалықтар