Павлодарда полицейді өлтірген ер адам 18 жылға бас бостандығынан айырылды
![]() |
Учаскелік инспектордың көмекшісін аяусыз өлтірген ер адам есінің уақытша тұманданғанын дәлелдей алмады. Сотталушы айыбын мойындағанмен, полицейге аффекті жағдайда қол жұмсағанын айтты. Павлодар облысының |
Өзінің соңғы сөзінде сотталушы зардап шегушілерден кешірім сұрады. Алайда қкөз жұмған полицейдің туыстары сот процесіне қатыспаған болатын. Сонымен бірге сотталушы шешім айтылар сәтке қатыспауын өтінген. Судья сұранысты қанағаттандырды. Шешімді айыпталушының туыстары тыңдады.
Прокурор айыпталушыға мүлкін тәркілей отырып, 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. "Біз шешімге қанағаттанамыз және оны қайта қарастыруын сұрамаймыз", - деп қысқа қайырды Павлодар облысының 10-шы басқармасының аға прокуроры Рустам Баисов.
Сот барысында Тасыбаевқа екі ауыр қылмыстық бап бойынша айып тағылды "Табельдік қаруды ұрлау" және "Өлтіру".
Жазаны жеілдету ретінде сот Тасымбаевтың отбасында төрт кәмелетке толмаған балалардың болуын есепке алды. Оқиғадан кейін айыпталуышының отбасында үшем дүниеге келген.
Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдың 21 маусымында айыпталушы қолына пышақ алып, Павлодардың Усольск ықшамауданындағы учаскелік полиция пунктіне барған. Прокурор Рустам Баисовтың айтуынша, оның мақсаты суицид жасау үшін табельдік қару иемдену болған.
Тергеу барысында айыпталушының айтқанынан белгілі болғандай, сол күні ол жүкті әйелімен құмар ойынағаны үшін ұрсысып қалған. Айыпталушы полицейдің көмекшісіне кеуде мен мойын тұсынан сегіз пышақ жарақатын салған. Бөлмеден тапанша таппаған ол оқиға орнынан кетіп қалған. Полицей көмекке шақыру үшін далаға шықанымен, алған жарақаттардан жедел жәрдем жеткенше көз жұмған. Күдікті сол күні ұсталды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін