Павлодарда жол апатынан екі адам ауыр жарақат алды
![]() |
Павлодар қаласында Ворушин-Амангелді көшелерінің қиылысында ВАЗ-21093 жеңіл автокөлігі МАЗ жүк көлігіне соғылып, салдарынан Жигулидегі жолаушы мен жүргізуші жарақат алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. |
«Апаттық медицина орталығы» мекемесі Павлодар облыстық филиалы басшысының орынбасары, дәрігер Анатолий Морозовскийдың хабарлауынша, ауыр жарақат алған қос азамат №1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенетін болсақ, жеңіл автокөліктегі жолаушыны шығару үшін жедел құтқару жасағының көмегі қажеті болған. Мамандар қатты соғылған ВАЗ-21093 көлігінің есігін кесіп, алып тастады.
«Алдын ала болжам бойынша жеңіл автокөліктің жүргізушісі кінәлі деп айыпталуда. Себебі ол Амангелді көшесіндегі жолдың екінші жағында жүріп, Ворушин бойымен келе жатқан жүк көлігіне жол бермеген. Бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді облыстық ІІД әкімшілік полициясының аға инспекторы Б. Жұманов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін