Павлодардағы түрмеде жазасын өтеп жатқан камерундықтар енді домбыра шертуді үйреніп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы түрмеде жазасын өтеп жатқан камерундықтар енді домбыра шертуді үйреніп алды

Павлодардағы түрмеде жазасын өтеп жатқан камерундықтар енді домбыра шертуді үйреніп алды

Павлодардағы түрмеде жазасын өтеп жатқан камерундық екі жігіт жұртты таң қалдырудан жалығар емес. Бұған дейін отандық эстрада жұлдыздарының хиттерін орындаса, енді домбыра шертуді үйреніпті. Былтыр жалған ақша жасап ұсталған қара нәсілді екі жігіт 6 жылдан арқалаған. Енді мерзімінен бұрын босап, еліне оралу үшін барын салуда.

  • 27 Қараша 2015
  • 202
Фото - Caravan.kz

800-ге жуық жазасын өтеушісі бар АП 162/2 мекемесінде бүгін ерекше күн. Тұңғыш Президент күні қарсаңында ұйымдастырылған шараға сотталушылар екі ай тынбай дайындалыпты. Сахнаға шыққандардың арасында бұған дейін қазақша ән шырқаған қос камерундық бар.

-Көк тудың желбірегені

Жаныма қуат береді…

Қара нәсілді бұл екі жігіт бүгін жаңа қырларынан ашылды. Отандық эстрада жұлдыздарының хиттерін түгелге жуық жаттап алған олар енді домбыра ұстап, халық әндерін орындады.

Нангу Нгуну Кристиан Семплис , жазасын өтеуші :          

-Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ау,

Аппақ сенің тамағың, іздесем қайдан табамын.

Олар жалған ақша жасағаны үшін былтыр Алматыда құрықталып, 6 жылдан арқалған еді. Павлодар абақтысына аттандырылған африкалықтар мұнда тәртіпке емес, бірінше кезекте суыққа төзе алмай жүр екен.

Нгену Тепонг Ону Парфе, жазасын өтеуші:

-Осымен екінші қысты темір тордың ар жағында қарсы алып отырмыз. 40 градус аяз болғанда қиналып қаламыз. Есесіне қазақтың тілін, дәстүрін толық меңгеріп жатырмыз. Нағыз қазақ домбыра.

-Мерекелік шараға қатысқан сотталушыларға мекеме атынан алғыс хаттар мен ақшалай сыйақы да табысталмақ. Ал екі айдың ішінде домбыраның құлағында ойнауды үйреніп алған қос камерундық жақсы тәртібі үшін мерзімінен бұрын босап, отанына оралуды армандайды.