Жарияланды: 500

Павлодарлықтарды арзан пәтермен «жарылқаған» алаяқ әйел сотталды

Павлодарлықтарды арзан пәтермен «жарылқаған» алаяқ әйел сотталды

Павлодардың №2 қалалық сотында Павлодар тұрғыны Н. Вахитоваға қатысты алаяқтық фактісі бойынша іс қаралды. 

Іс материалдары бойынша, Павлодар қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Н.Вахитова баспанасы жоқ үш павлодарлыққа арзан бағада пәтер сатып алуды ұсынған. Ол үшін жәбірленушілерден алдын ала төлем жасауды талап еткен. Жапа шеккендерге келтірілген залал - 10 миллион теңге.

Сот Н. Вахитованы ҚР ҚК 177-бабы 4-бөлімі «б» бөлімшесі бойынша айыпты деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін