Павлодар-Семей тас жолында «Фольксваген Гольф» жүк көлігімен соқтығысты
![]() |
Лебяжі ауданы Жаңа Ямышев ауылының маңындағы тас жолда жүк және жеңіл көліктері соқтығысып, |
жеңіл-«Фольксваген Гольфті» руліндеі 25 жастағы азамат ауыр жарақаттанды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Апаттар медицинасы орталығы» мекемесі облыстық филиалы бас дәрігерінің орынбасары Анатолий Морозовскийдің айтуынша, жүргізуші мас күйінде болған.
- Зардап шеккен азаматты апаттар медицинасы орталығының бригадасы Павлодар қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізлді, - дейді А. Морозовский.
Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын ала болжам бойынша жол-көлік оқиғасының орын алуына 25 жастағы жүргізуші кінәлі. Жеңіл машинаны тізгіндеген тұрғын көлікті басқара алмай қалған.
- Бұл дерек бойынша тергеу амалдары басталды. Жүгізушінің мас күйінде болуын немесе болмауын сараптама анықтайды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін