Петропавлда ауылдасы басына пышақ қадаған жігіт болған оқиғаны айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда ауылдасы басына пышақ қадаған жігіт болған оқиғаны айтып берді

Петропавлда ауылдасы басына пышақ қадаған жігіт болған оқиғаны айтып берді

Басына пышақ сұғылып, ауруханаға түскен петропавлдық жігіт сол күнгі оқиға жайлы ашып айтып берді. Бірнеше күн бұрын басына қадалған суық қарумен жүгіріп жүрген Жақсылық Оразымбетовты еліміздегі арналар ғана емес, шетелдік ақпарат құралдары да көрсеткен еді. Оның басындағы қанжарды үш дәрігер жабылып жүріп әрең суырыпты. Қайта миына еш зақым келмеген. Сондықтан алдағы аптада үйіне жіберілуі тиіс.  

  • 10 Желтоқсан 2015
  • 240
Фото - Caravan.kz

Жақсылық Оразымбетов облыстық аурухананың неврология бөліміне үш күн бұрын жеткізілді. Оның басына сұғылған пышақ талайды көрген дәрігерлерді таң қалдырып, қасындағы сырқаттардың жағасын ұстатқан.

Бақтияр Қоңқабаев, нейрохирург:

-Жігіттің бас сүйегі сынған. Бірақ пышақтың ұшы мидың жұқа қабатына жетпеген. Барлық сараптамаларды жасадық.  Оның денсаулығына алаңдайтын еш негіз жоқ. Жолы болғыш жігіт екен.   

Қайғылы аяқтала жаздаған оқиға бақылау камерасына түсіп қалған. Сөйлесіп отырған екі жігіттің бірі кенеттен екіншісінің басына пышақ сұғып, қашып кетеді. Жақсылық алғашында оны өзі суырып алмақ болған. Бірақ бұл әрекетінен ештеңе шықпағаны көрініп тұр. Ал ұсталған 19 жасар жігіт оның ауылдасы екен. Жақсылық оның бұл қылмысқа не үшін барғанын әлі түсінбей отыр.    

Жақсылық Оразымбетов, жәбірленуші:

-Ол қоғамға қауіпті адам. Ауылдастарды еске түсіріп, әжептеуір әңгімелесіп отырдық. Ешқандай ұрыс-керіс болған жоқ. Бұған дейін де араз емес едік. Қараптан-қарап басыма пышақ сұққанына өзім де аң-таңмын.

Тергеушілер еш жерде жұмыс істемейтін күдікті риэлтор ауылдасын тонамақ болған деген болжамды айтып отыр. Ал Жақсылықты дәрігерлер алдағы аптада үйіне жіберілмекші.