Петропавлда - көктайғақ
![]() |
Петропавлда кеше жауған қар қалалықтарға қолайсыздық әкелуді жалғастыруда. Сәрсенбі күні үшінші қалалық ауруханаға түрлі жарақаттар алған бірнеше адам шағымданды. |
«Таңертеңнен бері травматология пунктіне 5 петропавлдық азамат шағымданды. Сынық алған әйелге алғашқы көмек көрсетілді. Оған гипс салынып, үйге жіберілді. Екіншісі оқиға - одан ауырлау. Зардап шеккен әйел Бескөл ауылынан. Жұмысқа асыққан әйел құлап, аяғын қайырып алды. Оның жіліншігі сынып кеткен. Қалғандары денелерін ауыртып алған», - деп ақпараттандырды 3-ші қалалық аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі Валерий Грибашов.
Сондай-ақ таңнан бері Петропавл көшелерінде көліктер көктайғақ салдарынан сағатына 20 шақырым жылдамдықпен ғана қозғалған. Бірақ жол-көлік апатын болдырмау мүмкін болмады. Көп жүргізушілер көліктерінің жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстырып үлгермеді. Жарты күнде ғана 7 апат орын алған, дейді тәртіп сақшылары. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.



Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін