Жарияланды: 230

Петропавлда жаңа жылдық ойыншықтар сақталған қойма өртеніп кетті

Петропавлда шырша ойыншықтары мен пиротехника сақталған қойма өртенді.

Екі қабатты темір контейнерден шыққан түтінді алдымен сол маңдағы тұрғындар көріпті. Ғимарат жеке меншік ағаш үйдің ауласына салынған. Бұл маңдағы нысандардың бәрі осы материалдан тұрғызылғандықтан өрттің тез таралу қаупі жоғары болды дейді мамандар. Сондықтан оқиға орнына он шақты арнайы көлік пен 40 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Қойманың дені шырша ойыншықтарына толы болған екен. Төтеншеліктер отпен арпалысып жүрсе, тауар иелері дүниелерін тасып әлек. Қазір келген шығын көлемі және өрттің себебі анықталып жатыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін