Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 5-желтоқсанда «ГАЗель» бағытты таксиді тексеру барысында такси жолаушысының бірінен 1 кг 187 грамм героин табылып, тәркіленген. Жедел-іздестіру шаралары есірткі тасымалдау арналарын анықтау және жою жөніндегі жұмыстар аясында жүргізілген болатын. Қазіргі уақытта, комитеттің хабарлауынша, наркотрафикке қатысы бар тұлғаларды анықтау және оларды құрықтауға қатысты жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті