Жарияланды: 410

Премьер экономикалық саясат кеңесінің мүшелерімен Ұлттық қор қаражатын пайдалану мәселесін талқылады

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов экономикалық саясат кеңесінің (ЭСК) отырысын өткізіп, онда Ұлттық қорды қалыптастыру мен қаражатын пайдалану мәселесі талқыланды.

«ЭСК отырысын өткіздім. Ұлттық қордың қаржысын қалыптастыру және пайдалану жолдарын талқыладық. Сондай-ақ, зейнетақы жүйесін дамыту бойынша ұсыныстарды, энергоүнемдеуге және энерготиімділікті арттыруға бағытталған заң жобаларын қарадық», - деп жазады К. Мәсімов бейсенбі күні өзінің блогында. Сондай-ақ зейнетақы жүйесін дамыту жөніндегі және қуат үнемдеу мен қуат тиімділігін арттыруға бағытталған заң жобаларын талқылады, делінген үкімет басшының блогында. ҚР Ұлттық қор 2000 жылы ҚР президентінің жарлығымен құрылған. Ұлттық қорда негізінен мұнай секторындағы бекітілген кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдері қорланады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін