«Премьер мырза, ваш выход»: Танымал журналист Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа сұрақты төтесінен қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Премьер мырза, ваш выход»: Танымал журналист Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа сұрақты төтесінен қойды

«Премьер мырза, ваш выход»: Танымал журналист Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа сұрақты төтесінен қойды

Танымал журналист, қоғам қайраткері Гүлмира Әбіқай Ресейдегі дүрбелең салдарынан, Қазақстанда азық-түлік бағасы тағы қымбаттауы мүмкін екенін еске салды, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.

  • 26 Маусым 2023
  • 132
Фото - Caravan.kz

Журналист қиын-қыстау кезеңінде Үкімет басшысы өзін іскер азамат ретінде көрсетіп, елдегі қымбатшылыққа жол бермеуін талап етті.

«Дүрбелең Ресейде, қымбатшылық бізде. Біз туған күн тойлағанша “Вагнер” әскері Мәскеуге тақалып, Путинді ығыстырып, Лукошенконы елден бездірмекші болып оқталды. Туған күн біткенде олар да тынышталды. Қойылым аяқталды, әртістер гримеркаға кетті.
Бірақ, елден кетуге бел буғандар қатары азаймай тұр. Жеке әскер жүріп өткен үлкен шаһар тұрғындарында дүрбелең. Көршілес елдерге әуе, жол, темір жол билеттерін жаппай сатып алуда. Мәскеу-Астана бағытындағы ұшақ 2,300 млн тг. асып жығылды.
Алматы мен Астанада жалдамалы пәтер құны күрт көтерілді. ЖК-лардағы 1 бөлме 500 мың тг. кем емес Соғыс бізде емес, қымбатшылық бізде.

Премьер мырза, ваш выход. Әлемдегі ең ұзақ шектес шекара Қазақстан мен Ресей болуы керек. Екі елдің 7000 шақырымы ауылы аралас, қойы қоралас түйісіп жатыр. Етек-жеңімізді жиып қамданайық, сақтықта қорлық жоқ!», — деп жазды ол.