Президент Аружан Саинды қызметінен босатты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Аружан Саинды қызметінен босатты

Президент Аружан Саинды қызметінен босатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қызметінен босатты.

  • 12 Маусым 2023
  • 42
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды", — делінген өкім мәтінінде.

Айта кетері, Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне 2019 жылдың 18 шілдесінде тағайындалған болатын.

Еске сала кетейік, 1 маусымда мемлекет басшысы Аружан Саинді қабылдаған еді.


Кездесу барысында балалардың денсаулығы мен әлеуметтік тұрғыда қорғалуына, сондай-ақ балаларға жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекетке қатысты өзекті мәселелер талқыланды.