Президент сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 473.59
  • 544.68
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады

Президент сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады.

  • 1 Қыркүйек 2023
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес, 8-шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялаймын», — деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында.

Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысып жатыр.

Атап айтқанда, дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.


Бірлескен отырысқа Мәжілістің 98 депутатының 97-сі және Сенаттың 50 депутатының 50-і қатысып отыр.

Жолдаудан тікелей эфир сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі.