Прокурор С.Ахметовті 12 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады
![]() |
Қоғамда зор дүрбелең туындатқан қылмыстық іс қаралып жатқан Қарағанды сотында прокурор Серік Ахметовті мүлкін тәрткілеу арқылы 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. |
Оның тобының қалған мүшелері 3-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы, С.Ахметов пен оның сыбайластары темір тордың аржағында 70 жылдан астау уақыттарын өткізуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, Серік Ахметовке «Лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану», «Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу», 1 млрд. 100 млн. теңге көлемінде «Бюджет қаржысын жымқыру» және 2 млн. 440 мың доллар көлемінде «Пара алу» баптары бойынша 6 қылмыс жасады деп айыпталуда.
Жоғарыда айтылған айыптауларды ескере отырып, прокурор Серік Ахметовке мүлкін тәркілей отырып 12 жылға бас бостандығынан айыру және 5 жыл бойы жауапты мемлекеттік қызметпен айналысуға шектеу қою жазасын тағайындауды сұрады. Ал айыптаушы Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевке 7 жыл, Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловқа 4 жыл, Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Ғабит Мұхамбетовке 7 жыл, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы бастығы Мұхтар Адамбековке 3 жыл белгілеуді сұрап отыр. М.Адамбековтен кейін аталған бөлімді басқарған Айдос Жакеновке жаза ретінде прокурор шартты түрде 3 жыл беруді сұрады.
Қалған айыпталушылар да бас бостандығынан айырылып, біраз уақыттарын түрмеде өткізулері мүмкін.
Прокурор қылмыстық жауапкершіліктен «Қазақстан өнеркәсіп корпорациясы» ЖШС бас директорының бұрынғы орынбасары Әлжан Ақмолдаевты, бизнесмен Думан Нұрбаевты және «ҚазАгроФинанс» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Ғұмар Рахымжановты босатуды ұсынды. Мұндай шешім олардың өз қылмыстарын мойындауы мен тергеу амалдарына көмек көрсеткені үшін қабылданды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін