Путин: Алла Түркия басшылығын есінен айыру арқылы жазалауды шешті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин: Алла Түркия басшылығын есінен айыру арқылы жазалауды шешті

Путин: Алла Түркия басшылығын есінен айыру арқылы жазалауды шешті

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің Федералды жиынында Түркия халқын террористерге болысып жүрген оның басшылығымен теңемейтінін мәлімдеді.

  • 3 Желтоқсан 2015
  • 544
Фото - Caravan.kz

«Түкия халқы – ақкөңіл, еңбекқор әрі дарынды халық. Біздің Түркияда ескі, сенімді достарымыз көп. Біз оларды Сириядағы біздің әскерилердің қазасына тікелей жауапты басшылығымен тең көрмейтінімізді білуі тиіс», – деген Ресей президентінің сөзін РИА Новости жариялады.

Путин Түркия билігі Су-24-ті не үшін құлатқанын түсінбейтінін жеткізді деп хабарлайды LifeNews.

“Алла Түркия басшылығын есінен айыру арқылы жазалауды шешкен сияқты”, – дейді Путин ұшақты құлату мәселесін сөз етіп.

“Түркия билігінің сатқындығын Ресей еш уақытта ұмытпайды. Бірақ олар біздің ызаға булыққанымызды көрмейтін болады. Ресей Түркияның Су-24-ке шабуылдағанына жауап ретінде қаруын жарқылдатпайды. Түркияның басшылығы бұл істері үшін әлі-ақ өкінетін болады”, – дейді ол.


Ол бұл жайтты әскери зұлым қылмыс деп бағалап отыр.

“Әскери зұлым қылмыс жасап, біздің адамдарды өлтіргендері үшін қызанақпен немесе өзге салалардағы шектеулермен құтылып кетеміз деп ойласа, қатты қателескендері”, – деп ойын түйді Путин.