Путин Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Путин Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады


ҰҚШҰ саммитінде Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Caravan.kz порталы Sputniknews.kz -ке сілтеме жасап.

  • 24 Қараша 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz

"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сайлаудағы сенімді жеңіспен тағы да құттықтаймын. Саяси, әлеуметтік, экономикалық өмірді жақсартуға бағытталған ауқымды жоспарларды жүзеге асыруда табыс тілеймін", — деді Путин.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Ереванда өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысуда.

Сессия барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері мен сессияаралық кезеңдегі ҰҚШҰ қызметінің негізгі нәтижелері талқыланады. ҰҚШҰ дағдарысқа қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіру және Арменияға көмек көрсету бойынша бірлескен шараларды талқылау маңызды мәселелердің бірі болмақ.


Соңғы жаңалықтар