Қайрат Мәми ҚР Жоғарғы сотының төрағасы болып сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Мәми ҚР Жоғарғы сотының төрағасы болып сайланды

Қайрат Мәми ҚР Жоғарғы сотының төрағасы болып сайланды

Қайрат Мәми ҚР Жоғарғы сотының төрағасы болып сайланды. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі ресми сайтының твитттерінде хабарланды.

  • 17 Қазан 2013
  • 414
Фото - Caravan.kz


«ҚР Парламенті Сенатының депутаттары ҚР Жоғарғы сотының Төрағасы лауазымына Мемлекет басшысы ұсынған Қайрат Мәмидің кандидатурасын қолдады», — делінген хабарламада.
Мәми Қайрат Әбдразақұлы 1954 жылы 9 мамырда туған, қазақ, білімі жоғары. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Құқықтанушы, з.ғ.д., профессор.
Гурьев облыстық соты стажері, мүшесі, төрағасының орынбасары, төрағасы, ҚазССР Жоғары Сотының мүшесі, Алматы қалалық сотының төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғары Соты коллегиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып қызмет істеген. Бұған дейінгі атқарған қызметі — ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы.
«Парасат», ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен, төрт медальмен марапатталған.