«Қайрат» УЕФА кубогы иегері атағын қорғамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайрат» УЕФА кубогы иегері атағын қорғамақ

«Қайрат» УЕФА кубогы иегері атағын қорғамақ

24-26 сәуір күндері Алматының «Қайрат» футбол командасы шағын футболдан УЕФА-ның төрт кубогы финалы аясындағы кездесулерге қатысып, өзінің кубок иегері атағын қорғайтын болады, деп хабарлады команданың баспасөз қызметінен.

  • 31 Наурыз 2014
  • 351
Фото - Caravan.kz

«Бакудегі сыйымдылығы 2200 жанкүйерге арналған «Серхедчи» олимпиадалық спорт кешенінде өтетін турнирге УЕФА кубогының игері Алматының  «Қайрат», испандық «Барселона», әзербайжандық «Араз» және мәскеулік «Динамо» клубтары қатысады», — делінген хабарламада.

Кездесу кестесі (Баку уақыты бойынша — Астана уақытымен екі сағат айырмашылық бар)

24 сәуір

18:30 Қайрат — Динамо


21:00 Араз — Барселона

25 сәуір
демалыс күні

26 сәуір
19:00 үшінші орын үшін матч
21:30 Финал

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Алматының «Қайрат» командасы отандық шағын футбол тарихында алғаш рет жартылай финалда Испанияның «Барселонасын», ал финалда Мәскеудің «Динамосын» ұтып, УЕФА кубогының иегері атанған болатын.