Қайырымдылық шараларын жүзеге асырған жеке және заңды тұлғаларға салықты азайту мен жеңілдіктер беру ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайырымдылық шараларын жүзеге асырған жеке және заңды тұлғаларға салықты азайту мен жеңілдіктер беру ұсынылды

Қайырымдылық шараларын жүзеге асырған жеке және заңды тұлғаларға салықты азайту мен жеңілдіктер беру ұсынылды

20 қазанда Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қайырымдылық туралы» заң жобасы қаралды.

  • 20 Қазан 2015
  • 654
Фото - Caravan.kz

Құжат қайырымдылық қызметін ынталандыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Жоба қайырымдылықтың құқықтық және ұйымдастыру негіздерін анықтайды, қайырымдылық ұйымдарының құқықтары мен міндеттерін реттейді.

Заң жобасының жекелеген ережелері қайырымдылық қызметінің филантроптық, демеушілік және меценаттық секілді түрлерін жүзеге асыру тәртібіне арналған. Әлемнің барлық елдерінде қайырымдылық жинақтарын құру үшін қолданылатын мақсатты капитал (эндаумент) институтын енгізу жобаның мәні болып табылады.

Сондай-ақ комитетте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.


Заң жобасы қабылданып отырған «Қайырымдылық туралы» заңның ережелерімен заңнаманы сәйкес келтіру мақсатында әзірленген болатын. Салық, Бюджет, Азаматтық және Еңбек кодекстеріне, сондай-ақ 18 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Қабылданған ережелерде қайырымдылық шараларын жүзеге асырған жеке және заңды тұлғаларға салықты азайту, жеңілдіктер мен преференциялар беру бар. Атап айтқанда, ірі бизнес кірісінің жалпы сомасынан 3 пайызға дейін, шағын және орта бизнес кірісінің 4 пайызына дейін кіріске салынатын салықты азайту мүмкіндігі қарастырылды.

Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.