«Қалай министр болып жүр?»: Экология министрі Зүлфия Сүлейменованың әкесі сотталғанын естіген жұрт оның отставкаға кетуін талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қалай министр болып жүр?»: Экология министрі Зүлфия Сүлейменованың әкесі сотталғанын естіген жұрт оның отставкаға кетуін талап етуде

«Қалай министр болып жүр?»: Экология министрі Зүлфия Сүлейменованың әкесі сотталғанын естіген жұрт оның отставкаға кетуін талап етуде

Экология министрі Зүлфия Сүлейменоваға қатысты тағы бір тың дерек пайда болды.

  • 20 Маусым 2023
  • 40
Фото - Caravan.kz

Шенеунік бұл жолы отбасына қатысты құпиясымен бөліскен, деп хабарлайды Сaravan.kz медип порталы.

Шенеуніктің сөзінше оның туған әкесі істі болып, сотталған көрінеді.

«Тараған ақпараттың көпшілігі шындыққа жанаспайды. Әкеме келер болсам, иә ол сотталған, қазір бостандықта. Бұл деректі мен ешқашан жасырған емеспін. Мен мемлекеттік қызметке тұратын кезде оны құжаттарда да көрсеткен болатынмын», -деп жауапты берді министр Мәжіліс қулуарында.

Көпшілік министрдің бұл мәлімдемесіне қатысты таңданыстарын жасырмаған. Олар шенеуніктің мемлекеттік қызметке қалай келгенін білмей дал.


«Әкесі сотталған болса, бұл қалай министр болады?», «Біздің Қазақстанда бәрі мүмкін, түкке таң қалмаймыз», «Сотталған азаматтың қызы қалай министр болып жүр?», «Әкесі сотталған болса, орнын босатын», «Әкеңізге тартып, сіз де жеп жүрмеңіз» деп жазды олар.