Қаланың қақ ортасында тұрып, тазикке су жылытып жуынамыз: Айгүл Орынбек Әйтеновты сынап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаланың қақ ортасында тұрып, тазикке су жылытып жуынамыз: Айгүл Орынбек Әйтеновты сынап тастады

Қаланың қақ ортасында тұрып, тазикке су жылытып жуынамыз: Айгүл Орынбек Әйтеновты сынап тастады

Белгілі заңгер Айүл Орынбек Шымкент қаласының қақ ортасында тұрып судан тапшылық көретінін айтты.

  • 25 Мамыр 2023
  • 282
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіне жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Республикалық статусы бар қала Мегаполис — Шымкентке келсең көретін күнің осы! "Головой отвечаю", "Жестко саудаласамын" деп айтатын әкіміміз Әйтенов келгелі ауылды жиі еске алып жүрміз. Қаланың қақ ортасында тұрып, тазикке су жылытып, жуынамыз. 

Рақмет саған Әйтенов, бәрімізге ауылды ұмыттырмай жүргенің үшін. Тағы біз үшін не істей аласың? Жылыту кезеңдерінде дайындық, 1 айға қаланың ыстық суын өшіріп қойған. Қала прокураторасы мен Антикорды оятып жіберіңдерші! Тұтынушылардың құқығы неге қорғалмайды? Әлде Ауыл Полис тұрғындары сасық қалада тұрып жатқандары аздай, енді өздері де сасып жүрсін деп жатсыңдар ма?", — деп жазды ол. 

 
Соңғы жаңалықтар