Қалбатау ауылында жолдан қалған 250 адамға көмек көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалбатау ауылында жолдан қалған 250 адамға көмек көрсетілді

Қалбатау ауылында жолдан қалған 250 адамға көмек көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында бірнеше күннен бері қатты боранға байланысты жолдан қалған адамдарға көмек көрсетілуде. «Омбы-Майқапшағай», «Алматы-Өскемен» сияқты бірнеше маңызды тас жолдың бойында жатқандықтан, бұл елді мекеннен көптеген көлік ағылып жатады. Кешелі бері 250 адамға көмек көрсетілген.

  • 29 Желтоқсан 2015
  • 864
Фото - Caravan.kz


Олардың 70-і қонақүйлерге, 12 ауруханаға, 40-қа жуығы таныстарының үйінде, ал 130-ы спорт залдарына орналастырылған. Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Сыдықов хабарлап отыр. Барлық тамақтандыру орындары да жолаушыларға көмек көрсетуге жұмылдырылған.