Жарияланды: 140

Қалмұханбет Қасымов: Ауа райының қолайсыздығына байланысты жағдай бақылауға алынды

Қалмұханбет Қасымов: Ауа райының қолайсыздығына байланысты жағдай бақылауға алынды

Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыстың жолдары жабылғанын әрі аталған жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтты.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды. 

«Ауа райы жағдайының күрт бұзылуына байланысты бірқатар облыста жел күшейіп, боран соғуда. Осы орайда жол қозғалысына шектеу қойылып, жағдай бақылауға алынды. Қазіргі таңда Астанада барлық бағыт бойынша жолдар жабылып, барлық көліктің қозғалысына шектеу қойылды», – деді ол.

Осы орайда ол елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыстың жолдары жабылғанын атап өтті.

«Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда облыстарында жолдар жабық. Барлық жолдарда бақылау бекеттері орнатылған. Онда патрульдік жол полициясы тұр. Төтенше жағдайлар комитетінің құтқару қызметі өз жұмысын атқаруда. Астана мен жоғарыда аталған облыс орталықтарында әрі елді мекендерде төтенше жағдайлар қызметкерлері жолдарды қардан тазалауға коммуналық қызметке және жолдағы көліктерге көмектесуде. Көмек қажет болса, қосымша күштер тартылады. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз», – деді Қалмұханбет Қасымов.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть