Қара Ертіске батып кеткен Риддер тау-кен байыту директоры мен жұмысшысының денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қара Ертіске батып кеткен Риддер тау-кен байыту директоры мен жұмысшысының денесі табылды

Қара Ертіске батып кеткен Риддер тау-кен байыту директоры мен жұмысшысының денесі табылды

 Кезекті іздестіру жұмыстары барысында өткен демалыс күндері құтқарушылар Қара Ертіс өзенінен екі аптадан астам уақыт бұрын жоғалған адамдардың мүрдесін тапты. 15 қарашада түсте өзеннен бір адамның денесі, келесі күні екінші балықшының денесі табылды, деп хабарлады ШҚО ТЖД.

  • 17 Қараша 2014
  • 409
Фото - Caravan.kz

Олар 7 қарашадан бері іздестірілуде. Оларды  соңғы рет көрген орыннан балық аулау құралдарымен бос қайық табылған. Юрий Сиников «Қазцинк» ЖШС Риддер тау-кен-байыту кешенінің директоры қызметін атқарса, ал Сергей Рогозин Тишинск кенішінің үңгушісі болып істеген.

Ертең, 18 қарашада, Риддер қаласының Мәдениет үйінде марқұмдарды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтеді.