Қарағанды облысында 2 күннің ішінде қар құрсауында қалып қойған 60-тан астам адам құтқарылды
![]() |
18-19 желтоқсан күндері ауа райы жағдайының нашарлауынан Қарағанды облысының күрежолдарындағы жағдай күрт қиындады. |
Апаттық-құтқару жұмыстарын өткізу үшін Шет, Осакаров, Қарқаралы және Ұлытау аудандары, сондай-ақ Қаражал қаласының күрежолдарында ҚР ІІМ ТЖ бойынша Комитетінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.
Қар құрсауынан 20 жеңіл және 4 жүк көлігі шығарылды, 37 адам құтқарылып, 62 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.
Ведомство күн райының бұзылуы жағдайында алыс сапарға шығудан бас тартуға кеңес береді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін