Қарағанды облысында 25 әкім сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында 25 әкім сайланды

Қарағанды облысында 25 әкім сайланды

Қарағанды облысында 24 ауылдық округ пен аудандық маңызы бар бір қаланың әкімі сайланды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

  • 1 Қазан 2015
  • 1012
Фото - Caravan.kz

«30 қыркүйекте Қарағанды облысының  сегіз ауданында қызметінен босатылған әкімдердің орнына жаңа басшыларды сайлау өтті. Атап өткенде, сайлау Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандарында өткен. Сайлау барлығы 24 ауылдық округ пен Абай қаласында өтті», — делінген хабарламада.

Бәсекелестік орташа алғанда бір орынға үш адамды құраған.

«Ережелерге сәйкес, әкімдер қызметіне барлық кандидатуралар жергілікті қауымдастықпен келісілген. Сайлау жасырын дауыс беру кезіндегі жанама сайлау құқығы негізінде өтті. Сайлаушылар жергілікті мәслихаттардың депуттары болды», — деп атап өтіледі хабарлама.

Жаңа сайланған барлық 25 әкімнің жоғары білімі бар, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың кәсіби талаптарына сай. Олардың арасында бесеуі — әйел. Орташа жасы — 41-де.