Қарағанды облысында ауа райына байланысты жолда қалған адамдарды тамақтандыру жұмыстары ұйымдастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында ауа райына байланысты жолда қалған адамдарды тамақтандыру жұмыстары ұйымдастырылды

Қарағанды облысында ауа райына байланысты жолда қалған адамдарды тамақтандыру жұмыстары ұйымдастырылды

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған жолаушылар тамақпен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды облыстық әкімдік баспасөз қызметінен.

  • 30 Желтоқсан 2015
  • 681
Фото - Caravan.kz

«Қарағанды облысында желтоқсанның 28-інен бастап, 30-на дейін 19 елді мекендегі жол бойында орналасқан мейрамхана, кемпиг және асханаларда жолаушыларды тамақтандыру шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ұзақ сақталатын азықтар таратылған. Сондай-ақ, жүк көліктерімен тасымалданып бара жатқан малдарға беру үшін жем-шөп әзірленген», — делінген хабарламада.


Нақтылай кетер болсақ, тамақтандыру орындары Қарағандыда, Балқашта, Абай, Шет және Осакаровка аудандарында ұйымдастырылған.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 4500 адам тамақтандырылып, 4 560 адамға жол азығы, 1000 литрден астам ауыз су үлестірілді. 8,2 тонна жанар-маймен қамтамасыз етілді.