Жарияланды: 200

Қарағанды облысында есірткіні қоймаға өткізбей сатып келген полицейлер сотталды

Қарағанды облысында нашақорларды есірткі сатуға мәжбүрлеген 4 полицей сотталды. Қолда бар билікті пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрған олар16-дан 18 жылға дейін абақтыға жабылды.

Олар бұл қылмыспен екі жыл бойына емін-еркін айналысыпты. Есірткі сататынарды қолға түсірсе де, айғақ затты қоймаға өткізбей өздері сатып келген екен. Саудамен айналысуға сол нашақорларды міндеттеген. Келіспесе, ұрып соққан және «қамаймыз» деп үркіткен. Тіпті, кейбірін түрмеге отырғызған да. Сондықтан қылмыстарына куәлік еткен 39 адамның арасында темір тордың арғы жағынан кеп, бұлардан көрген қорлықтарын айтқандар бар. Сот топтың серкесі Бауыржан Томановты 18, қалған үшеуін 16 жылдан бас бостандығынан айырды. Бірақ қорғаушылар олардың сүттен ақ, судан таза екенін айтып, апелляциялық арыз дайындап жатыр.   

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін