Жарияланды: 310

Қарағанды облысында зейнеткер газеттегі сөзжұмбақты шешемін деп оңбай алданды

Қарағанды облысында зейнеткер газеттегі сөзжұмбақты шешемін деп оңбай алданды. 3 миллион теңге ұттыңыз деп сүйінші сұраған басылым көктемнен бері қарияның басын айналдырып, қалтасын қағыпты. 

Тайтөлеу Жылқыбайұлы өзін 5 айдан бері 3 млн теңгенің иегері есептеп келген. Байқау шартындағы сөзжұмбаққа жасырылған Ресейдің 7 қаласының атын қария бірден тауып, құпия торларды бар болғаны 20 минутта толтырып шығыпты. «Жеңімпаз атандыңыз, сыйлығыңызға жету үшін ұсақ-түйек заттарды пошта арқылы сатып алыңыз» деген шарт қойған. Мақтауын асырып, күн құрғатпай хабарласып, әбден есін алған екен. Бақыттан басы айналған қария зейнетақыдан жырымдап жүріп, 20 рет сауда-саттық жасапты. Осылайша, 30 мың теңгесін аударып жіберіп, жер сипап қалған.    

Тайтөлеу Жылқыбайұлы, зейнеткер:

- Хат келді. Сіз обшым жеңімпаздардың ішінде жоқсыз деп. «Ей, телеграммаларың қайда, ключтерің қайда? Бұларың не?» десем, трубканы тастай салды. Халқыма, еліме айтарым, мұндайлардың алдауына түспеңдер, ешқандай ақша аудармаңдар деп. Тіпті, осыны шығарып отырған газет редакторларына кінә тағам мен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін