Қарағанды облысында жол апатынан бір бала қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жол апатынан бір бала қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды

Қарағанды облысында жол апатынан бір бала қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды

Алматы. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында жол апатынан бір бала қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 324
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметтерінше, 22 қаңтарда 15 сағат 20 минутта Қарағанды — Шахтинск тас жолында «Ауди» автокөлігі «Сетра» бағытты автобусымен соқтығысты, онда 45 жолаушы отырған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жол апатының салдарынан бір жас шамасындағы қыз қаза тапты. «Ауди» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті