Анатолий сол күні 88 жастағы көршісінің үйінен айқай-шуды естіпті. Тып-тыныш өмір кешіп жүрген көршісіне кіріп мән-жайды білмек болғанда есігін ешкім ашпаған. Секем алған ол өз есігінен сығалап іштегілердің шығуын күткен екен. Сәлден кейін бетперде киген адам пәтерден шығып тұра қашқанда қуып жетіпті. Сөйтсе, бұрын сотталған 40 жастағы күдікті кемпірді ұрып-соғып, алтын бұйымдарын тартып алған көрінеді. Өлім аузынан қалып, қатты шошыған кейуана қәзір жалғыз тұрудан қашып, ұлының қолына кетпекші екен.
Анатолий Слатинин, Қарағанды қаласының тұрғыны:
-Тоқта деп ем, қаша жөнелді. Қуып жетіп, жығып алдым. Аса қарсылық та көрсете алмады. Подьезге сүйреп әкеліп, полицейлер келген соң солардың қолына табыстадым.